Биыл Сыр салысының қанша гектарға себілетіні белгілі болды

Қызылорда облысында көктемгі дала жұмыстарында 193,7 мың гектар жерге егін егіледі деп жоспарланған. 

Биыл Сыр салысының қанша гектарға себілетіні белгілі болды Фото: pixabay

Оның 85,9 мың гектары Сыр елінің негізгі бренді – күріш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгінгі күні жергілікті операторлар 10 мың тонна дизель отынының ақпан, наурыз айларына бөлінген 1500 тоннасын жеткізген. Тағы 843 тоннасы шаруашылықтарға таратылған. 

– Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары құны 8,8 млрд теңге болатын 250 техника сатып алды. Сондай-ақ, машина-трактор паркі жаңартылды. Алдағы егін маусымы қарсаңында 4 мыңнан астам техника толық жөнделді, – деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Көктемгі дала жұмысына дайындық кезінде су мәселесі де маңызды саналады. 2025 жылғы 26 наурыздағы Сырдария өзеніндегі судың жағдайы бойынша "Шардара" су қоймасына жоғарыдан секундына 129 текше метр су түсіп жатыр. Қоймадағы су көлемі – 4,6 млрд текше метр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына соның 200 текше метрі жіберілуде. Бір өкініштісі, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда екі есе аз болып тұр.

Бұған дейін Сыр өңіріндегі экспортталған өнімнің 92,1 пайызы күріш екенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу