Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өтініштердің көбі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" мен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілген.
"Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды",- дейді ведомстводан.
Айта кетсек, биыл конкурсқа қатысқандар саны өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.
Бүгін грантқа ие болғандардың тізімі шықты
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу