Биыл Жамбылда Наурыз мерекесі жаңаша форматта аталып өтеді

897

Наурызнама онкүндігіне сәйкес мейрам 14-23 наурыз аралығында тойланады. 

Биыл Жамбылда Наурыз мерекесі жаңаша форматта аталып өтеді Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Биыл әз Наурыз мерекесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен еліміздің барлық өңірінде жаңа форматта өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова айтты. 

Мерекені тойлау 14 наурыз – Көрісу күнінен басталып, 23 наурызға дейін жалғасады. Әр күн әртүрлі тақырыпта аталып өтеді.

– Тұжырымдамаға сәйкес Наурыз мейрамын атап өтудің іс-шаралар жоспарлары әзірленді. 

Биылдан бастап Наурызнама онкүндігіне сәйкес мейрам 14-23 наурыз аралығында тойланатын болады. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мәнге ие болды. Атап айтқанда 14 наурыз күні Көрісу мерекесін атап өттік. 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн Рамазан айының бірінші жұмасымен сәйкес келетіндіктен, Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі, Тараз қаласы мен аудан әкімдері ауызашар береді.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Аты айтып тұрғандай бұл күні ұлттық киімдерді танымал етуге басымдық беріліп, сәнді киімдер көрсетілімдері өткізіледі. Осы орайда барлық мекеме қызметкерлерін ұлттық киіммен жүруге шақырамыз.19 наурыз – Жаңару күні. Бұл – тазалық күніне арналады. 21 наурыз – Ынтымақ күні Тараз қаласындағы "Достық" алаңында "Ар ма, әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өтеді. 

22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні барлық елді мекендерде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 23 наурыз – Тазару күні. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өтеді", - Ұлана Сламбекова. 

Ал Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мерекенің концепциясына сәйкес іс-шара өтетін алаң тұтас бір этноауылды құрайтын бірнеше аймақтан құралатынын атап өтті. 

Ал Жамбыл облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков 21 наурыз күні Тараз қаласында қала тұрғындары мен қонақтары арасында Наурыз мерекесіне арналған спорттық іс-шаралардың ұйымдастыру жоспарларымен бөлісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу