Биыл жарты жылда жол апатынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті

454

Бас прокуратураның дерегінше, 135 бала көз жұмған.  

Биыл жарты жылда жол апатынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті Фото: optimism.kz

6 айдың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 5,5 мыңнан астам бала жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, көптеген жағдайда қайғылы жағдай ата-аналардың салғырттығынан болады. Балалар қараусыз қалып, жолда қауіпсіздік талаптары ескерілмейді.

Сонымен қатар, биыл мас күйінде көлік жүргізген 11 мыңнан астам адам ұсталған. Олардың 158-і апат жасап, 282 адам зардап шеккен, 17 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ, электрсамокатқа байланысты қауіп артып отыр. Жыл басынан бері осы құралдың қатысуымен 213 жол апаты тіркеліп, 224 адам жарақат алған. 42 жағдайда апатқа самокат жүргізушілерінің өздері кінәлі болып шыққан.

Прокуратура ережелерді қатаң сақтау ғана мұндай қайғылы көрсеткіштерді азайта алатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу