Биыл жол апатынан 1 мыңнан аса адам қаза тапқан

1020

9 533 адам түрлі дене жарақатын алған. 

Биыл жол апатынан 1 мыңнан аса адам қаза тапқан

Жыл басынан бері Қазақстанда 7 180 жол апаты тіркеліп, 1 017 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл елімізде 7 180 жол апаты тіркелген. 

"Салдарынан 1 017 адам қаза тауып, 9 533 адам әртүрлі дене жарақатын алды", - деді комитет төрағасының орынбасары ІІМ-де өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Серік Түсіпов жол қауіпсіздігін айқындайтын негізгі фактор жүргізушілердің жолдағы тәртібі екенін атап өтті.

Дәурен Ерболат 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу