Биыл жол-көлік оқиғаларынан 1 мыңнан аса адам қайтыс болған

888

Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық жол апаты орын алған.  

Биыл жол-көлік оқиғаларынан 1 мыңнан аса адам қайтыс болған

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов биылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасымен таныстырды. 

"2020 жылдың 9 айында ел жолдарында 8 мың 933 жол-көлік оқиғасы орын алды. 1 мың 265 адам қайтыс болды және 11 мың 738 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 22%-ға, бақилық болғандар саны 19%-ға, зардап шеккендер саны 23%-ға төмендеген. Сондай-ақ биыл кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қатысуымен болған жол апаттары 30%-ға азайған", – деді Серік Түсіпов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу