Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

829

Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4%-ға артқан.

Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы Фото: baq.kz

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының пленарлық отырысында айтты.

“Бүгінде біз елді индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және импортқа тәуелділікті төмендету саясатын жалғастырудамыз. Өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылатын отандық машина жасау саласының дамуы Үкіметтің ұдайы назарында. Өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4 пайызға артса, биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша 36 пайызға өсіп отыр”, - деді ол. 

Үкімет басшысы машина жасау өнімдеріне Қазақстандағы ішкі сұранысы 23 млрд долларды құрайтынын жеткізді. 

“Бүгін оның тек 3,1 млрд доллары ғана отандық өндіріспен қамтылып отыр. Сондықтан импортты алмастырудың есебінен машина жасау өндірісін әрі қарай дамытуға күш салуымыз керек. Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын ұсыну, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті құрамын ұлғайту және экспортты ұлғайту арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр”, - деді Әлихан Смайылов.

Ол үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара үйлесімді жұмысы қажет, деп қорытындылады Премьер-Министр.

Еске салайық, осыған дейін Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы басталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу