Аталмыш бағдарлама бойынша33,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 51,2 мыңы – тұрақты жұмысқа.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 1,9 мың адам жіберілді.
Өз ісін ашу үшін 3,9 мың адам мемлекеттік гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 84,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 11,6 мың адам; жастар практикасына – 7 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 65,8 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 278 отбасы немесе 925 адам қоныс аударды, оның ішінде 448 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті 267 адам жаңа тұрғылықты жерде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 25 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.