Биылғы жылы ерлігімен ерекше көзге түскен ең үздік полицейлер Ақтөбеде жиналды

935

"Nur Otan" партиясының мәжіліс залында "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа – үлгі" тақырыбында "дөңгелек үстел"өтті. 

 Биылғы жылы ерлігімен ерекше көзге түскен ең үздік полицейлер Ақтөбеде жиналды

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ КЖД, Ақтөбе облысының ПД басшылығы, облыс әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының өкілдері және батыр-полицейлер қатысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстел аясында жергілікті атқарушы органдардың, күш құрылымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

"Мемлекет пен қоғам ішкі істер органдары өкілдерінің қайсарлығын жоғары бағалайды. Үздіктердің ішінде де  үздіктер бар, ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген "Қазіргі заман қаһарманы" ("Герои нашего времени") республикалық акциясына Ақтөбеге ең үздіктері шақырылған"- деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы ІІМ КСБ бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев.

Сонымен қатар, батыр–полицейлер Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептері мен Н.Назарбаев атындағы зяиткерлік мектебінің және №21,60,10,40 мектептерінің  оқушыларымен кездесіп, олар онда өздерінің күнделікті жұмысы және қызмет атқару кезінде қандай қиындықтарға тап болатыны туралы әңгімеледі. Оқушыларға полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың  адамдарды құтқару сәттерінің бейне роликтері көрсетілді.

"Полиция қызметкерлерінің ерліктерін өз көздерімен көріп, оқушылардың бойында жоғары патриоттық тәрбие қалыптасып, өз Отанына адалдық, жақындарына көмек көрсету және болашақта мамандық таңдауына ықпал етеді", - деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД-нің кадр жұмысы басқармасының бастығы Жақсылық Нысаналин.

Акция аясындағы іс-шаралар 15 қарашаға дейін Ақтөбе облысында жалғасады, оның барысында полицейлер аймақтың бірқатар аудан орталықтарына барып, оқушылармен, оқу орындарының студенттерімен, ардагерлермен және халықпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу