Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында 11 484 жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары.
2018 жылмен салыстырғанда жол апаты салдарынан қайтыс болғандар саны 6,1%-ға артқан (1552 адам). Ал жыл басынан бері жол көлік оқиғасы салдарында жараланғандар саны 15 324 адамға жетті. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген (4 073 адам).
Ең төмен көрсеткіш СҚО-ға тиесілі (173 адам).
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу