Біз Бейжіңнің ресми мәлімдемесімен толық келісеміз – СІМ

727

Қазақстан тәуелсіздік алған тұста біздің егемендікті біріншілер қатарында Қытай мойындады. Біз қытайлық СІМ ресми мәлімдемесімен толығымен келісеміз

Біз Бейжіңнің ресми мәлімдемесімен толық келісеміз – СІМ Фото: yandex.kz

Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Жақын арада Қытай СІМ ресми өкілі әлемдік дауға ұласқан елшінің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Біз ресми Қытайдың ұстанымымен толық келісеміз және олардың біздің еліміздің тәуелсіздігіне шүбә келтірмейтіндеріне сенімдіміз", - деді СІМ ресми өкілі.

"Біздің егемендігіміз халықаралық заңмен қорғалған. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Мұндай шешімді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүше елдері, соның ішінде Қытай қабылдағанын еске саламыз. Қазақстан тәуелсіздік алған тұста біздің егемендікті біріншілер қатарында Қытай мойындағаны тағы бар. Ал 1992 жылдың 3 қаңтарда екі ел арасында димпломатиялық қатынастар орнады. Сондықтан, ешқандай алаңдаушылыққа негіз жоқ", - деді А.Смадияров.

Қытай халық республикасының Франциядағы елшісі бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерінің егемендігін дұрыс алғанына және Қырымның Украинаға тиесілі екеніне күмән келтіретінін мәлімдеді.

Көп ұзамай Қытайлық СІМ ресми мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Бейжің барлық елдердің егемендігін құрметтейтінін, ал Қытайдың Қырымға қатысты ұстанымы өзгермегенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу