Біз заң қабылдаймыз, сөз Президентке келеді – Ермұрат Бәпи

286

Халық қалаулысы Президент қол қоятын заңға мұқият қарау керек деген пікірде. 

Біз заң қабылдаймыз, сөз Президентке келеді – Ермұрат Бәпи Фото: elorda.info

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру туралы заң жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз бұл заңды (ред. – Экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау бойынша заң жобасы) түсініп отырғанымызбен, осы құжатты қоғам түсінбейді. Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру, оған декриминализация жасаса, оны саяси сауаты төмен қоғам қалай түсінеді?! Осының атауын қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма? Ертең бізге сөз келеді. Себебі, біз (заң жобасын) қабылдаймыз, Президентке сөз келеді. Өйткені ол қол қояды. Сол кезде 5-6 депутат қана соңына дейін жеткіземіз. Әлеуметтік желіде Абзал Құспаннан (ред. – Мәжіліс депутаты) бастап бәрімізді белгілейді", - деді мәжілісмен.

Сөзінше, осы заң жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн. Депутат Тelegram, YouTube каналдарға шығу керек деп ұсыныс тастады.

"Хабар мен Qazaqstan арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып, түсіндіру керек. Себебі ертең экономикалық құқық бұзылса, оған декриминализациялау жасалса, үлкен дау туындайды", - деді Ермұрат Бәпи.

Айта кету керек, осыған дейін де Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи осы аталған құжаттың қазақша атауын сынға алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу