Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи құжаттың қазақша атауын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Түсінбестік туындап отыр. Әлде мұнда аудармасы дұрыс емес пе? Құжатқа бастамашылық білдірген сіздер ғой? Қалай болғанда да, мұндай атаумен заңды шығаруға болмайды. "Экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтудың өзекті мәселелері" дейді. Ол экономикалық қылмыс болса, оны қалай қылмыстық сипаттан арылтасыз? Сондықтан мұнда аударма дұрыс емес", - деді мәжілісмен.
Абзал Құспан әріптесінің сөзін құптап, декриминализациялау сөзінің аудармасы "қылмыссыздандыру" екенін айтты.
Айта кету керек, осыған дейін Қылмыстық кодекстегі екі бапты толық қылмыссыздандыру көзделіп отырғанын жазған болатынбыз.