"Бұл мәселе съездің құзыретіне жатады. Сайлаудың нақты күні жарияланған кезде мен партия төрағасы ретінде партияның ұлттық кеңесін жинаймын. Шамамен 100 адам болады. Кеңес осы мәселе бойынша съезд өткіземіз бе, қатысамыз ба және бізден кім қатысады деген шешім қабылдайды. (...) Күні қашан жарияланатынын көрейік", – деді Перуашев.
"Бізде амбициясы бар лайықты азаматтар баршылық", – деп қосты ол.
Қазақстандағы алдыңғы президенттік сайлауда "Ақ жол" партиясынан Мәжіліс депутаты Дания Еспаева ұсынылды, ол сайлаушылардың 5,05% дауысын алды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында осы күзде кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеп, оған өзі қатысатынын айтты.