"Бізде толық ақпарат болды": Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы түсініктеме берілді

229

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚКК) елде билікті күшпен басып алуға дайындық жүріп жатқанын алдын ала білді. 

"Бізде толық ақпарат болды": Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы түсініктеме берілді Фото: sport.kg

Бұл туралы "Жетінші арнаға" берген сұхбатында ведомство басшысы Қамшыбек Тәшиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Бізде дайындық жүріп жатқаны туралы толық ақпарат болды. Біз олардың жауынгерлік қару сатып алмақ болғанын, 200 әскери киім жиынтығын сатып алып, дрондарды іздегенін, үйде жарылғыш заттарды қалай жасауға болатынын сұрастырғандарын білдік. Әрине, біз оларды бірден назарға алдық. Барлығы жазылды, бейнебақылау жүргізілді – қару-жарақ, әскери киім қалай және қайдан сатып алынды. Барлығы дайын болған соң, ұстау операциясына көштік", - деді арнайы қызмет басшысы.

Оның айтуынша, қатысушылар тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды көздеп, халықты көтеру үшін ыңғайлы сылтау іздеді.

"Олар жастарды тауып, оларға әскери киім кигізіп, қолдарына қару-жарақ беріп, көпшілікке оқ атуға үгіттемек болған. Содан кейін, олардың жоспарына сәйкес, кейбір "әскерилер" формасын шешіп, халықтың жағына көшетіндерін жариялаған болар еді, яғни әрі қарай халық өзі қолдап кетеді деп ойлады", - деді Ташиев.

Соған қарамастан ҰҚКК басшысы елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалатынын атап өтті.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 8,1 пайызды құрады. Мұндай жағдайда адамдар көшеге шығып, наразылық білдіруге себеп бола ма?", - деп сұрады министр.

Мемлекеттік төңкеріс әрекетінің артында сыртқы күштер тұр ма, жоқ па, оның айтуынша, тергеуден кейін белгілі болады.

"Ол да болуы мүмкін. Бәлкім, біреу Қырғызстан экономикасының тез өсіп келе жатқандығын ұнатпайтын шығар. Әр түрлі сценарийлерді қолдануға болады. Мысалы, 2010 жылы сәуір немесе маусым оқиғалары сияқты төңкеріс ұйымдастырылуы әбден мүмкін. Сіз 2010 жылғы маусымдағы оқиғалардың себептерін жақсы білесіз. Біріншісі: уақытша үкімет пен сепаратистер арасындағы кулуарлық келіссөздер. Екіншісі – сыртқы күштер өзбек кварталдарына кіріп, өзбектерді атқылап, мұны қырғыздар жасағаны туралы ақпарат таратты. Содан кейін олар тек қырғыздар тұратын көшелерге кіріп, қырғыздарды өзбектер атып тастады деп мәлімдеді. Бұл ұлтаралық қақтығыстың өршуіне түрткі болғаны анық", - деді Ташиев.

Ол сол кезде тұрақтылық бірден қалпына келтірілгенін еске салды, өйткені тәртіпсіздіктер сыртқы күштердің әсерінен болғаны белгілі болды.

ҰҚКК басшысының айтуынша, мұндай сценарий Бішкекте қайта ойнатылуы мүмкін.

"Бар болғаны сепаратист немесе экстремистті жалдап, біреуді өлтіріп жатқан видеоны таратып, қырғыздардың өлтіріп жатыр деген хабарлама жіберілсе жеткілікті. Сондықтан ұлтаралық қақтығысты қоздыруға бағытталған кез келген қылмыстар немесе әрекеттер қатаң жазалануы тиіс", - деп түйіндеді ол.

5 шілдеде Қырғызстанның ҰҚКК елдегі билікті күшпен басып алу әрекетінің алдын алғаны туралы хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу