Бизнес шығыны 103 млрд теңгеден асты

1348

12 қаңтар сағат 09.00-дегі жағдай бойынша.

Бизнес шығыны 103 млрд теңгеден асты

"Атамекен" ҰКП баспасөз қызметініңхабарлауынша, байланыс орталығына 4 833  қоңырау түскен. Соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1 988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 946.

Елдің 11 өңірінде 1 885 нысанда орналасқан 1 615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1 771 нысанда орналасқан 1 506 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 482, қоғамдық тамақтану – 44, қаржы секторы – 61, логистика – 23, БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асқан (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Аймақтар:

1. Алматы қаласы
2. Алматы облысы
3. Шымкент қаласы
4. Жамбыл облысы
5. ШҚО
6. Қызылорда облысы
7. Атырау облысы
8. Қарағанды облысы
9. Павлодар облысы
10. Маңғыстау облыссы (қосылған аймақ)
11. Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу