Бизнеске шенділер тарапынан көрсетілетін қысым азаймай тұр

1328

Бизнеске шенділер тарапынан көрсетілетін қысым азаймай тұр

Осы бизнесті дамытуда шенділер тарапынан көрсетілетін қысым азаймай тұр. Мәселен, Ақтөбеде жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасынан араша сұрап, 280 кәсіпкер шағым айта келіпті. Талдау қорытындысына сәйкес, арыздың дені жер қатынастары, сәулет және құрылыс, салық, мемлекеттік сатып алу қызметтеріне қатысты болған. Бұдан бөлек, прокуратура жанынан да құрылған "Кәсіпкерлердің құқтарын қорғау штабына" 230-ға жуық шағым тағы түсіпті. Соның 113-інің ісі расталып отыр. Осыған сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдарға қатысты заң бұзушылықты жою жөнінде 25 қаулы толтырылыпты. Сондай-ақ, кәсіпкер ісіне орынсыз кедергі келтіргені үшін 101 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Дегенмен, олардың дені айыппұл төлеп құтылса, енді бірі тәртіптік кеңеске тартылумен ғана шектеледі.

"Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою – палата жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Аталған бағытта барлығы 274 жазбаша арыз-шағым түсіп, оның 142-сі немесе 51,8 пайызы нәтижелі шеліген. Жалпы соммасы 804 млн теңге мөлшеріндегі мүліктік құқықтары қорғалған", - дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Қайрат Қуантайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу