Бизнесті тексерулердің саны 56 пайызға қысқарды

798

Қадағалау мен талаптарды жеңілдету кәсіпкерлердің жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуіне мүмкіндік берді.

Бизнесті тексерулердің саны 56 пайызға қысқарды

Қазақстанда бизнесті тексерулердің саны 56%-ға қысқарды. Atameken.kz сайтының хабарлауынша, 2013 жылы кәсіпкерлерге қатысты 183 000 тексеру жүргізілген болса, 2017 жылы бұл сан 81 000 дейін азайды.

Сондай-ақ кәсіпкерлер алуға тиіс рұқсатнамалар 72%-ға айтарлықтай төмендеді. Егер бұрын 1115 жағдайда тиісті құжаттама рәсімделуге тиіс болса, бүгінде 315 жағдай бойынша талап етіледі.

"Түрлі талаптардың саны 58%-ға қысқарды. Бұрын 30 500 болса, қазір 13 000. Тек СЭС органдарының өзінде  бизнеске қойылатын талаптар  11 000-нан  1 700-ге қысқарды", – деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Осылайша, бизнес жыл сайын 5,5 млрд теңге және жалпы бірмезетте 600 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік алды.

Мысалы, мұнай базалары үшін  есепке алуды бақылау құралдарын (БҚЕ) орнату жөніндегі талаптың күшін жою бизнестің 67 млрд теңгеден астам қаржылай шығындарын  қысқартты.  Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қайталап өту жөніндегі талаптың күшін жою 750 млн теңгені үнемдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу