Бизнестің құқықтарын сотта қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған форум өтеді

897

Бизнестің құқықтарын сотта қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған форум өтеді

Бүгін Астанада бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау тиімділігін арттыруға арналған форум өтеді. Оған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы және жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми қатысады. Басқосуда өткен жылға қорытынды жасалып, келер жыл атқарылатын шаралардың тізімі жасалған құжат бекітіледі деп күтілуде.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, сотқа дейінгі істің тек 20-30 пайызы бизнестің пайдасына шешіледі екен. Салық, кеден, әкімшілік заңнамаларға енгізілген өзгерістерден кейін, кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін шағымдар саны азайған. Бұрынғыдай бизнесмендер сотқа жүгініп, уақытын кетірмейді. Нәтижесінде осындай әрекеттер 1,5 млрд теңгедей қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы және өзге де мәселелер форум барысында сөз болмақ.

Айта кетейік, басқосуды сағ. 15 00-де Атамекен бизнес арнасынан көре аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу