Бауыржан Есқайырұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универститеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "жол қозғалысын ұйымдастыру" және "құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары "Жайық Строй сервис" ЖШС-нің менеджері, Тасқала ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша бас маманы, Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі, Тасқала ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2018 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.