Батыс Қазақстан облысында әкімшілік айыппұлдарды төлемей, салықтан жалтарып жүрген жеке тұлғаларға қарсы белсенді іс-шаралар басталды. Ішкі істер және мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен рейдінің алғашқы күні 8 азаматтың көлігі айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.
Ал жалпы жыл басынан бері 779 оралдықтың темір тұлпары көшеде тоқтатылып, қамауға алынған. Оның 521-і жалпы сомасы 26 миллион теңге әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрсе, 224-нің жылу мен жарыққа және салыққа 795 миллион теңге берешегі бар екен.
Қарыздың қомақты бөлігін көлік салығы құрайды.
"Көлік салықтары бойынша берешектері бар тұлғаларға хабарлама таратылды. Енді борышкер оны 30 жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті. Егер оны төлемеген жағдайда салықтық бұйрық шығады. Ол салықтық бұйрық орындалмаса, 5 жұмыс күні ішінде бұл салықтық бұйрық сот орындаушыларға мәжбүрлі түрде орындауға жолданатын болады", - дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Тимур Төлепов.