БҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысты: қаза тапқандар бар

2966

Жол апаты 10 наурызда "Самара – Шымкент" тас жолында болған.

БҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысты: қаза тапқандар бар

Батыс Қазақстан облысында жүк көліктері соқтығысып, 2 жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, 10 наурызда кешкі сағат 17.15-те Самара-Шымкент тас жолы Сырым ауданы Алғабас кентінің маңында жол апаты тіркелген, КамАЗ бен DAF маркалы жүк көлігі соқтығысқан. 

"Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Құтқару жұмыстары кезінде 1987 жылы туған КамАЗ жүргізушісі есін жимастан қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция дерегінше, біраз уақыттан соң "ВАЗ 2115" көлігі КамАЗ-ға соғылған. 2001 жылы туған автомобиль жүргізушісі, онда отырған 1967 және 1986 жылдары туған екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу