БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақжайық ауданында болған.
"Базаршоланнан Тайпақ ауылына қарай 10 шақырым жерде 25 тамыз күні жергілікті сағат 11.35-те жедел құтқару жасағы (3 құтқарушы, 1 техника, 1 жүзу құралы) 18 жасар жігіттің денесін Жайық өзенінен алып шықты. Ол киімшең күйінде суға батып кеткен", – делінген хабарламада.
Жақындарының айтуынша, Орал қаласында тұрған студент жаз кезінде Қыдырбай қыстағындағы туыстарына мал бағуға барған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу