Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 30 шілдеге қараған түні Сырым ауданында орын алды. Қос автокөлік соқтығысып, одан кейін отқа оранған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылған. 7 адам өртенген. Мүрделерді полиция алып кеткен.
БҚО ТЖ және ішкі істер департаменттері болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндіктерін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу