БҚО-да басқарма басшысы ірі көлемде пара алған

691

Күдікті сыбайласы екеуі Орал қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

БҚО-да басқарма басшысы ірі көлемде пара алған

Кеше БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповтың сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тұтқындалғанын жазған болатынбыз. Белгілі болғандай, ол медициналық жабдықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін компания директорынан ірі көлемде пара алған. Сондай-ақ оның жанында сыбайласы болған. Қазіргі күні олардың екеуі де Орал қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына қамалған.  

"Олар 2020 жылдың 12-23 қазаны аралығында жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-мен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен тауарлы-материалдық қорды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін компания директорынан пара алған", –  деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 

Басқа мән-жайлар тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу