БҚО-да биыл жол-көлік оқиғасы салдарынан 90 адам көз жұмды

1067

Көлікті мас күйінде тізгіндеген 120 жүргізушінің 13-інде мүлде құжат болмай шыққан.

БҚО-да биыл жол-көлік оқиғасы салдарынан 90 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында өткізілген "Қауіпсіз жол" атты жедел алдын алу айлығы барысында 9 мыңдай ереже бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.

Көлікті мас күйінде тізгіндеген 120 жүргізушінің 13-інде мүлде құжат болмай шыққан.

Ережені ескермеу жаяу жүргіншілер тарапынан да жиі кездесіп отыр. Қазір қала жолдарындағы қауіпті тұстар тәулік бойы полицияның бақылауына алынған. Әсіресе шам орнатылмаған көшелер мен мектептердің маңайы ұдайы назарда болмақ. Тағы бір жаңалық  қаланың ең басты даңғылында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пайда болды. Жолдың бұл бөлігімен, сондай-ақ, такси, жедел жәрдем мен полицияның  және өзге де апаттық қызметтердің көліктері жүре алады.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері аймақта жол-көлік оқиғаларының салдарынан 90 адам ажал құшқан.

"Қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтар арнайы таңбалармен белгіленген. Сондықтан оны кез келген жерден қиып өтуге тыйым салынады. Егер жеке көлік құралдарының жүргізушілері бұл жолақпен қозғалатын болса, 3 АЕК мөлшерінде, яғни 7575 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жылдың ішінде ережені қайталап бұзғандар үшін айыппұл көлемі 25 мың теңгеге дейін ұлғаяды",– дейді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Александр Плешаков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу