БҚО-да болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

1248

Оның бірі 30 жасар полиция қызметкері, соңында екі баласы мен жары қалды.

БҚО-да болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қараша күні сағат 20.30-да Орал-Атырау жолының 264-шақырымында болды.

"Фольксваген Шаран" автокөлігі "Мерседес Фура" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Соның салдарынан "Фольксваген Шаран" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (бәрі де – ер адам) оқиға орнында көз жұмды.

Соның бірі 30 жасар полиция қызметкері, полиция майоры Айболат Нұрлыбеков еді.

Ол полиция органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарды. Биылғы 29 тамызда Тайпақ полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Марқұмның соңында жары, 9 және 3 жасар екі ұлы қалды.

"Айболат Нұрлыбеков өте жақсы қызметкер еді. Департамент басшылығы мен жеке құрам марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады", деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу