БҚО-да қайғылы жағдай болды. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде 11 тамыз күні сағат 15.00 шамасында екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар аула ішіндегі құдыққа құлап кетті. Балалардың бірі үш жаста, екіншісі бірде. Болжам бойынша оқиға үлкендердің балаларды қараусыз қалдырған кезінде орын алған. Олардың денесін сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар өз күштерімен шығарып алды.
Қазірде мәйіттер сот-медициналық сараптамасына тапсырылған. Тергеу жұмысы Жаңақала аудандық полициясы жүргізіп жатыр.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті осы жағдайға байланысты ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінуде.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу