БҚО-да жабылған мектеп саны он жетіге жетті

1219

Екі ауданда карантин күшейтілді. 

БҚО-да жабылған мектеп саны он жетіге жетті

Батыс Қазақстан облысында короновирус дертінің көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Бұған дейін облыста 13 мектептің карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.  Қазіргі күні жабылған мектеп саны 17-ге жетті, оның 8-і Орал қаласында, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Сондай-ақ, аймақтағы Ресеймен шекаралас Шыңғырлау және Жәнібек аудандарында карантин талаптары күшейтілді. Аталған аудандардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерлерінің жаңа қаулысы бойынша, барлық бағыттағы дүкендер мен базарлардың жұмыс істеу уақыты 10.00-ден 18.00 сағатқа дейін шектелген. Кей мекемелерде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру 80 пайызға дейін жеткізілген. Фитнес, жаттығу нысандары жағдай оңалғанша жұмысын тоқтатты.

Дегенмен, екі ауданда да ата-аналардың сұрауымен 9, 11-сыныптарда бала саны он бестен аспайтын кезекші сыныптар жасақталып отыр. Қалған сыныптар қашықтықтан оқытуға көшкен. 

Облыста 158 мониторинг тобының қырағы жұмыс істегеніне қарамастан тәртіп бұзғандар табылып жатыр. Тек қана ақпан айының басынан бері 79 хаттама толтырылып, ол бойынша 5 млн.теңгедей айыппұл салынған. Бөкейорда, Бөрлі және Қаратөбе аудандарында той жасағандар тіркелген. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу