Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Подстепный-Елек жолының 134-шақырымында сағат 15.45-те "Рено Логан" жеңіл көлігі "МАЗ" жүк көлігімен соқтығысты.
Жеңіл көліктің 1989 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің 1976 жылғы жүргізушісі медициналық көмекті қажетсінген жоқ.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Орал қаласында болды.
Бүгін сағат 03.14-те Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі бойындағы "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай құю стансасы тұсында "Ауди" мен "Шевролет" автөліктері соқтығысты.
Құтқарушылар "Шевролет" көлігінен 1990 жылғы әйел адамды шығарып, жедел жәрдемге тапсырды.