17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.
- ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты.
- Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар.
Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу