Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп, жалын құрғақ шөпке ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 7 шілде күні Сырым ауданы Тоғанас ауылы тұсында болды.
"Сағат 12.20-да 101 пультіне Самара-Шымкент тас жолы бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиғаны барлау барысында Самара-Шымкент жолының 320-шақырымында жартылай тіркемесімен ауыр жүк көлігі жанып, жалынның құрғақ шөпке ауысқаны анықталды. Жүк көлігіндегі өрт сағат 14.30-да оқшауланды. Құрғақ шөптің жануын сөндіру жалғасуда, оның аумағы анықталу үстінде. Өрт орнында түрлі мекемелерден 22 адам, 5 техника жұмыс жасап жатыр", деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда орманға жақын аумақта да құрғақ шөп жанды.