Батыс Қазақстанда жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

140

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында жүк көлігі пойызбен түйісуінен локомотив жанып кетті. 

Батыс Қазақстанда жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Тепловозға 90 вагон тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

– Соқтығысу салдарынан локомотив жанып, ол толық сөндірілді. Бұдан әрі қауіп-қатердің алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыз вагондары локомотивтен жедел ағытылып, темір жолдың қауіпсіз учаскесіне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша сұйытылған газдың ағуы тіркелген жоқ. Бұл экологиялық және техногендік қауіп-қатерден құтылуға мүмкіндік берді, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, оқиға 23 маусым күні шамамен сағат 13.30-да ауыл шетінде болған. Теміржол өткелінде 1958 жылғы жүргізуші Shacman көлігімен жүк пойызын өткізбей, түйіскен.

Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу