БҚО-дағы жол апатында жарақат алған төртінші жолаушы да қайтыс болды

1132

27 жастағы тағы бір жолаушы ауруханада ес-түссіз күйде жатыр, жағдайы ауыр.

БҚО-дағы жол апатында жарақат алған төртінші жолаушы да қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазталов ауданында 29 қараша күні "Волга" мен "Лада Гранта" автокөліктері соқтығысып, үш адам қаза тапқан еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан ауруханаға барар жолда "Волга" көлігінің 69 жастағы жүргізушісі де қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел Қазталов аудандық ауруханасында ес-түссіз күйде, жағдайы ауыр. Оралдан дәрігерлер бригадасы келген соң ота жасау немесе қалаға апару мәселесі шешілетін болады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағанындай, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу