banner

БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы ұсталды

464

Оған пара алды деген айып тағылуда.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы ұсталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюпов пара алғаны үшін ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері оған 7 млн теңге көлемінде ақша алды деген айып тағып отыр. Қазіргі күні оның кабинеті мөрленіп, өзі уақытша оқшаулау изоляторына жабылған. 

Болатбек Қаюпов бұл қызметке биылғы наурыз айында тағайындалған. Облыста оның үстінен тергеу жұмысы жүріп жатқандығы жөніндегі анық-қанығы белгісіз әңгіме бұған дейін де айтылып келген, алайда ол басшылық ететін мекеме оны жоққа шығарып, "тек коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың ғана тексеріліп жатқанын" айтумен болған. Сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы тарапынан да әзірге қандай да бір ресми ақпарат берілген жоқ. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу