БҚО соты Болатбек Қаюповты үйқамаққа шығармады

830

БҚО-да бұрынғы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. 

 БҚО соты Болатбек Қаюповты үйқамаққа шығармады

Істі қараған судья айыпталушыны үйқамаққа шығару және оның үйін тінту кезінде тәркіленген қаражатты "отбасына тиесілі болғандықтан қайтару" жөніндегі өтінішті қанағаттандырмаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Болатбек Каюповты сыбайласымен бірге 7,8 млн теңге көлемінде ақша алды деп айыпталған болатын. Ал 6 мамыр күні оның қорғаушысы айыпталушының денсаулық жағдайы нашарлағанын айтып, үйқамаққа шығаруын сұраған.Сондай-ақ, ол тінту кезінде табылған 70 000 АҚШ доллары мен 17 млн теңге "отбасына тиесілі қаражат" болғандықтан, уақытынан бұрын қайтаруды сұраған еді. Судья Нейля Жүнісова бұл өтініштерді қанағаттандырған жоқ. 

Бұдан бөлек, пандемия кезінде тиісті қаржы бөлінбестен бұрын "Сentropharm"  ЖШС-мен 222 млн теңгеге 6 дана жылжымалы рентген аппаратын сатып алу туралы келісімшарт жасады деп айыпталған Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жамал Жаманбаеваға қатысты сот үкімі жарияланды. Ақтау қалалық соты оны 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде соттап, сот залынан басатқан.

Айта кетелік, оның медициналық құралдарды заңсыз жоғары бағамен сатып алуға ықпал етуі мемлекетке 30 миллион теңгеге жуық залал келтірді деп есептелген. Экс-шенеунік айыбын мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген. Ал оның кәмелетке толмаған балаларының және жақсы мінездемесінің болуы соттылықты жеңілдететін жайлар ретінде қарастырылған. Жамал Жаманбаеваға бұдан кейін мемлекеттік қызметті атқауға тиым салынған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу