БҚО тұрғыны алғашқы болып сыйақы алмақ

987

Ол карантин режимін бұзды деп әкімдікті кінәлап отыр.

БҚО тұрғыны алғашқы болып сыйақы алмақ

БҚО-да облыс әкімі Ғали Есқалиевтің карантин тәртібін бұзғандарды тиісті органдарға айтқаны үшін сыйақы белгілегенін бұған дейін жазған болатынбыз. Ол 20 000 теңге көлемінде белгіленген. 

Көп ұзамай сыйақы алуға ниеттенген қала тұрғыны да табылды. Бір қызығы, Виссарион Цой пандемия кезіндегі режимді бұзды деп әкімдіктің өзін айыптапты. Атап айтқанда, ол ҚР Конституциясы күні қарсаңында облыстық қазақ драма театрында өткен шарада жиналғандардың арақашықтықты сақтамағанын алға тартып отыр. Алайда, БҚО тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл пікірмен келіспейді.  

"Салтанатты шара шектеу талаптарын толық сақтай отырып өткізілді. барлық қатысушылар іс-шара өтпестен бұрын ғимаратқа кіреберісте контактісіз термометриядан өтті. Барлығының бетпердемен кіруі қатаң қадағаланды. Ұйымдастырушылар мен қонақтар бір-бірінен екі метр қашықтықта отырды. Бұған қоса, құттықтаулар мен басқа да сөздер ауызша айтылып, ешқандай қол алысулар болған жоқ. Ал фотосессияға санаулы секунд қана уақыт бөлінеді. Одан ешкімнің денсаулығына айтарлықтай қауіп төне қоймайды деп ойлаймын", – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Әдемі Хасанова. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу