БҚО тұрғыны Ержігіт Хайрушев жеті баламен жалғыз қалды

972

Ол қолдау білдірген халыққа алғысын жаудыруда.  

БҚО тұрғыны Ержігіт Хайрушев жеті баламен жалғыз қалды

Орал қаласының тұрғыны Ержігіт Хайрашев бүгін бір жарым млн. теңгедей несиесін жапты, қалған 2,5 млн.теңгесін келешекте балалар үшін салам деп жүрген үйі үшін сақтамақ. Осының бәрі жұбайынан көз жазып, жеті баламен қалған азаматтың жағдайына жаны ашып, алаңдаған көпшіліктің көмегі арқасында болып жатқан жайлар.

Ержігіт пен Гауһар – жеті баланы тәрбиелеп отырған тату-тәтті отбасы еді. Балалардың кішісі әлі бір жасқа да толмаған. Осыдан бес ай бұрын Гауһардың денсаулығы қатты нашарлап, дәрігерге қаралады. Бастапқыда бүйрегі ауырады, плеврит деген ақ халаттылар кейіннен жатыр обырын анықтайды. Өкінішке қарай, ауру соңғы кезеңіне жетіп, қатты белең алып кеткен екен, онкоорталық оның жүрегі шыдамайтынын айтып, отадан бас тартқан. Тамыздың 1-і күні әйел көз жұмды. Халықтың жинап берген 5 млн.теңгесінен оны жерлеу рәсіміне жұмсалған. Одан артылғанынан несие жабылып, қалғаны баспанаға деп қалдырылып отыр. 

 "Біз ешқашан біреуден алақан жайып бірдеңе сұраған емеспіз. Балалардың ешқайсысында ұялы телефон жоқ, сонда да бақытты, тату-тәтті тіршілік кешіп жатыр едік. Жолдасым өмірден озғанда әрі қарай қалай күн көрерімізді білмей, абдырап қалдық. Есін білмейтін кішілері аналарының қайтып келмейтінін түсініп те жүрген жоқ", – дейді  Ержігіт Хайрушев.

Белгілі болғандай, көп балалы Хайрушевтердің өздеріне тиесілі үйі жоқ. Бірақ, екі жыл бұрын жергілікті әкімшілік 35 шарты метр уақытша үй берген. Жалпы, тұрғын үйге №121 болып кезекте тұр екен. Берілген үй жөндеуді қажет еткендіктен, Ержігіт несие рәсімдейді. Бұған дейін үй-іші перинатальдық орталықта аула тазалаушы болып жасайтын отағасы мен жәрдемақыға күн көріп келген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу