Бланктік тендерлік кепілдіктерді қайдан алуға болады?

473

Бизнеске бланктік тендерлік кепілдіктерді Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің сегізі ұсынып отыр.

Бланктік тендерлік кепілдіктерді қайдан алуға болады?

Тендерлер нарығы қазақстандық бизнес үшін өте тартымды. Бұл нарыққа кіру үшін компаниялар тендерлерді ұйымдастырушыларға өздерінің қаржылық төлем қабілеттілігін көрсетуі керек. Мысалы, мемлекеттік тапсырыс жағдайында тендер қатысушылары тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1% сатып алуды ұйымдастырушының тәуекелдерін өтеу үшін жұмсауға тиіс. Сол жағдайда ғана олар конкурсқа қатыса алады.

Сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының тәуекелдерін өтеу үшін компаниялар банктің кепілдіктерін ұсына алады. Банктер сенімді клиенттеріне өтелмеген тендерлік кепілдіктің жеке түрін, яғни бланкілік кепілдікті ұсынады. Бланкілік кепілдіктер үшін мүліктік кепілдік талап етілмейді. Клиенттер белгілі бір талаптарға сай болуы керек:
– тұрақты қаржылық жағдай;
– ЕДБ немесе бюджет алдында берешектің кез келген түрінің болмауы;
– мерзімінде төленбеген төлем құжаттарының болмауы;
– басқалар.

Бизнеске бланктік тендерлік кепілдіктерді ҚР-дағы екінші деңгейлі банктердің сегізі ұсынып отыр. Олардың үшеуі ғана шекті соманы белгілеген. Ең жоғары лимит — ForteBank-те: бір кепілдік бойынша 100 млн теңгеге дейін береді. АТФБанк клиенттерге 50 млн теңгеге дейін, Халық Банкі 30 млн теңгеге дейін ұсынуға дайын.

ForteBank кепілдік бергені үшін нақты комиссияны белгілеген: 1%-дан (айналымдарды есепке алғанда) 2,5%-ға дейін (есепке алмағанда).  АТФБанк бланкілік кепілдік шығару үшін комиссияны (0,2%) және қосымша жылдық мөлшерлемені белгілеген: жылдық 0,3% -дан немесе 4%-дан жоғары. Bank RBK кепілдікті шығарғаны үшін 1%, Халық банкі 1,5%) және Еуразиялық банк 2% көлемінде комиссия алады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу