Астанада блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сот отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отырыста блогер, оның адвокаты, Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, БАҚ өкілдері қатысып отыр.
Бұған дейін блогерлер оқырмандары арасында 11 көлік ұтысын ойнатынын хабарлаған болатын. Бастапқыда конкурсқа қатысу тегін деп көрсетілген. Кейін ұтысқа қатысудың негізгі шарты 30 мың теңге тұратын онлайн-курсты сатып алу екендігі анықталды.
Айта кету керек, Спорт министрі блогер Жанабыловтардың әрекеті туралы айтқанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу