Блогер Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс қылмыстыққа ауыстырылды

Осыған дейін Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі блогер Ерболат Жанабылов пен келіншегінің ұтыс ойынын "лохотрон" деп атаған еді.

Блогер Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс қылмыстыққа ауыстырылды Фото: @elt6i

Түске дейінгі сот отырысында ерлі-зайыптыларға қатысты әкімшілік істің қылмыстық іске ауысуы мүмкін екені де айтылған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сот ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты іске қатысты шешім шығарды. 

– Сот Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік істі тоқтату туралы шешім шығарды. Істе қылмыстық заң бұзудың сипаты бар болғандықтан, бұл істі сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолдау қажет деп танылды, – деп мәлімдеді судья.

Сот деректеріне сай, олар әлеуметтік желіде оқу курстарына қатысушылардан қаражат жинап, көлік құралдары мен бағалы сыйлықтарды ұтысқа тіккен.

Сот ұтысқа қатысушылар санының көптігін (шамамен 6 мың адам) және төленген қаражат көлемін ескеріп, "бұл әрекеттерде заңсыз кәсіпкерлік белгілері бар" деген қорытындыға келіп отыр. 

Бұған дейін Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істің қылмыстық іске ауысуы ықтимал екенін хабарладық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу