Bloomberg: "Мұнай нарығы үшін бұл "алтын апта"

649

Ағымдағы аптада мұнайға деген сұраныс күрт өсуі мүмкін. 

Bloomberg: "Мұнай нарығы үшін бұл "алтын апта" Фото: РБК

Bloomberg агенттігі бұл жұманы Қытайдағы "алтын апта" деп атады. Себебі 1 мамырда аспан асты елінде еңбек күні  аталады. Оған қытайлықтар 5 күн демалады екен.

Сәйкесінше сирек демалатын елде бұл әуе билеттері мен рейстерінің күрт өсетін уақыты. 2019 жылмен салыстырғанда, биыл мерекеде жол жүруді жоспарлаған  жолаушылар саны 120%-ға артыпты. Осылайша шамамен 170 млн қытай азаматы демалысын шетелде жоспарлап, билет броньдаған екен. JPMorgan Chase деректерінше, Қытайдағы авиациялық керосинге деген сұраныс жаһандық нарықтағы мұнай көлеміне әсер ететін жалғыз драйвер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу