Блумберг сайлауалды кампанияға 409 млн доллар жұмсамақ

796

Демократиялық партия атынан сайлауға түскен үміткерлер бұрын-соңды саяси үгіт-насихат жұмыстарына мұндай ірі көлемде қаржы бөлмеген екен.

Блумберг сайлауалды кампанияға 409 млн доллар жұмсамақ

Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі миллиардер Майкл Блумберг қараша айында өтетін АҚШ президентігіне таласқа Демократиялық партия атынан қатыспақ. Ол саяси дода барысындағы кампаниясына 409 млн доллардай қаражат бөлейін деп отыр. Оның 220,6 млн доллар ол осы жылдың қаңтар айында жұмсап тастаған. Бұл туралы Reuters агенттігі сайлау жөніндегі Федералдық коммисияға сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Осы күнге дейін 78 жастағы Блумберг 64,2 млрд доллардай табыс тапқан. Ол дауыс берушілердің көмегіне жүгінбей-ақ, саяси науқанға бұл қаражатты өз қалтасынан шығармақ. Ескере кететін жайт, Демократиялық партия атынан сайлауға түскен үміткерлер бұрын-соңды саяси үгіт-насихат жұмыстарына мұндай ірі көлемде қаржы бөлмеген екен. 

Монмут Университетінің зерттеу қызметі жариялаған мәліметке сәйкес, Блумберг қазір дауыс беруші демократтар арасында аса қатты қолдауға ие емес: тізімде небәрі үшінші орында. Оған демократтардың тек 13% дауыс беріпті. Вермонт штатынан шығып отырған сенатор Берни Сандерс дауыстардың 24%-ына, АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байден 17%-ына ие. 16 және 19 ақпан аралығында жүргізілген сауалнамаға 570 демократ қатысыпты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу