Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік әскерилер ойынында бокстан финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ақтық айқаста Қазақстан сапынан төрт боксшы айқасып, олардың екеуі жеңіске жетті.
49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов, 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асанбек Шымбергенов турнир жеңімпазы атанды.
Ал Ділмұрат Мижитов (64 келі) пен Абзал Құттыбеков (91 келі) финалда ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
75 келідегі Тимур Нұрсейітов пен 81 келідегі Аят Мәржікпаевтар жарыстың қола жүлдегерлері қатарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу