Бокстан Азия чемпионаты: Қоржында тағы бір "алтын"

1047

Бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахметтің ізін ала Бек Нұрмағамбет те чемпион атанды.

Бокстан Азия чемпионаты: Қоржында тағы бір "алтын"

81 келіде жұдырықтасқан қазақ боксшысы финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді жеңіп, құрлық бәсекесінен қара үзіп шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Осыған дейін 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ, бүгін финалда жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллиннің еншісінде күміс медаль бар.

Василий Левит, Санатәлі Толтаев және Теміртас Жүсіповтер құрлық додасының қола жүлдегерлері қатарында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу