Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды

Бұған дейін мас күйде көлік басқарған боксшының ұсталғанын жазған едік.  

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды Фото: olympic.kz

Бүгін Данияр Елеусіновтің 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының дерегінше, ол алкогольдік масаң күйде Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп, қала көшелерінде 3 жол-көлік оқиғасын жасаған.

– Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Осыған байланысты сот оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген хабарламада.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енбеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу