Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің қайда өтетіні белгілі болды

605

 Ал әлем чемпионаты мамыр айында Жапонияда ұйымдастырылмақ.  

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің қайда өтетіні белгілі болды

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша, Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 2020 жылдың қаңтар айында Қытайда өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Ал әлем чемпионаты мамыр айында Жапонияда ұйымдастырылмақ. 

Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан салмақ дәрежелеріне өзгерту енгізді. Бұдан былай Олимпиада ойындарында ерлер арасында 8, әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер таратылады.  Құрлық бойынша ерлерге 41, әйелдерге 22 квота бөлінген.

Айта кетелік, ХОК Лозаннада өткен 134-ші сессиясында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығын (AIBA) мәртебесінен айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу