"Болашақ" шахтасындағы өрттен кейін барлық жұмыс уақытша тоқтатылды

231

Апаттың себебін тергеу жөніндегі комиссия құрылды.    

"Болашақ" шахтасындағы өрттен кейін барлық жұмыс уақытша тоқтатылды Фото: https://t.me/qr_tjm

26 мамырда "Қазхром Трансұлттық компаниясы" АҚ филиалы - Дон тау-кен байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында болған оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев Ақтөбе облысына келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вице-министр кәсіпорын басшылығы мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.  Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының төрағалығымен апатты тергеу жөніндегі комиссия құруды тапсырды.

"Комиссия апаттың мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Сутегі шығарындыларының қайталануына байланысты және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шахтадағы барлық жұмыстарды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды", - делінген ТЖМ таратқан хабарламада

Вице-министр ауруханада жатқан зардап шеккендер адамдарға барып, тез сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, 26 мамыр күні сағат 22:30 шамасында "Дон ТБК-ның "Болашақ" шахтасының өндіру блогында ауа ортасының қысқа мерзімді жануы орын алды. Жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 кезекші электрслесарь зардап шекті. Қызметкерлер беті мен қолының білезік тұсынан күйік шалып, ауруханаға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу