"Болашақ" түлегінің инновациялық жобасы халықаралық байқаудың финалына өтті

690

Досжан Жүсіповтің жобасына мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.  

"Болашақ" түлегінің инновациялық жобасы халықаралық байқаудың финалына өтті Фото: gov.kz

Досжан Жүсіпов командасының инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге заманауи технологиялардың көмегімен барынша тез әрі дәл диагноз қоюға көмектесуге арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Болашақ түлегі Досжан Жүсіповтың Cerebra медициналық стартапы Дания астанасы Копенгагенде 28-29 наурыз аралығында өтетін "Global Startup Awards" халықаралық стартаптар конкурсының ақтық кезеңіне қатысады.

Cerebra – инсультті дер кезінде анықтауға арналған жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтеріп отыр, өйткені инсульт Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Досжан Жүсіпов командасының инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге заманауи технологиялардың көмегімен барынша тез әрі дәл диагноз қоюға көмектеседі.

Досжан 2016 жылдан бері өзінің жеке стартаптарымен айналысады. Жерлесіміздің алғашқы жобасы Med365-атты қауіпті өндірістер мен көлік жұмысшыларының медициналық тексеруден өтуін автоматтандыру жүйесі болды.

Бұрын "Болашақ" түлегінің стартапы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен ТОП-5, Slingshot 2020 нұсқасы бойынша ТОП-500 стартаптың қатарына кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу