Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

2033

Бұл туралы ҰҚК хабарлап отыр.

Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді",– делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда екен.

Комитеттен тергеу мүддесі үшін өзге деректер жариялауға жатпайтыны айтылды.

Еске сала кетсек, кеше кешке әкімнің ұсталғандығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде гу ете қалды. БАҚ құралдары ресми орган тарапынан растау болмағандықтан, екіұшты ақпарат беріп жатты. Ал әкімнің баспасөз қызметінің өзі түк болмағандай сыңай танытты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу